КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.20.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 16:34
350-ден астам оқушы Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің білім грантынан үмітті - Солтүстік Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ.   Наурыздың   18-і. ҚазАқпарат   /Сергей Кузнецов/ -    Солтүстікқазақстандық  350   оқушы     Қазақтың Әл-Фараби  атындағы  ұлттық университетінің  білім грантынан үмітті. 

Осы  мақсатта   олар    13 пән бойынша  тест сынағы өткен  «Әл-Фараби-2010»    олимпиадасына  қатысты.

Олимпиада  Солтүстік  Қазақстан   облысының   Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының  қолдауымен    өткізілді.  Бұл тест  сынағында  жоғары   ұпай  жинаған  оқушылар    университетке  оқуға түсу  үшін гранттар алуда   басымдыққа  ие болады.   Сонымен бірге,  олардың   Ұлттық бірыңғай тестілеуде   алған  бағалары да ескерілетін  болады. 

«Әл-Фараби-2010»    олимпиадасына    қатысуға Дарынды  балаларға арналған    Әбу Досмұхамбетов атындағы  мамандандырылған    мектеп-интернатының,   ЛОРД  мектеп-лицейінің,    Петропавл  қаласы  мен  облыстың екі  ауданындағы бірқатар мектептердің     оқушылары ниет білдірді.

 Былтыр алғаш рет өткізілген  жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, биыл   Әл-Фараби   атындағы   ұлттық университеттің  грантынан үміттілердің саны 3 есеге артып отыр,     2009 жылы олимпиадаға  150-ге жуық  солтүстікқазақстандық  оқушы қатысқан болатын. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.