КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.37.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 15:47
Парламент Кеден одағы бойынша кедендік құнды декларациялау тәртібі туралы келісімді қабылдады
 АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді  ратификациялау туралы» заңын қабылдады.  

Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған келісімнің мақсаты одаққа қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына әкелінетін тауарлардың және осы аумақтан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібінің негізгі ережелерін айқындау болып табылады. Соған сәйкес қатысушы мемлекеттердің кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттары әзірленетін болады. Бұл ретте Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау әрбір мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады. Бұндай декларациялау жұмысы жазбаша, электронды және халықаралық шарттармен айқындалған өзге нысандар бойынша жүргізіледі.

Ал кедендік құн декларациясы кедендік декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

Келісімге Қазақстан, Беларус және Ресей Үкіметтері арасында 2008 жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеу қаласында қол қойылған.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.