КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.58.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 15:42
Алматыда Тайжан Досановтың «Руника құпиясы» атты кітабы жарық көрді
 АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Ұлттық кітапханада рунолог Тайжан Досановтың «Руника құпиясы» атты еңбегінің тұсаукесер рәсімі болып өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тайжана Досанова  Аталмыш кітап «Өлке» баспасынан орыс тілінде 2000 данамен жарық көрді. Еңбек - рулық таңбалардың, кең таралған геометриялық символдардың, руникалық жазба генезисының мәселелеріне арналған. Кітаптың бірінші бөлімі Құдай аттарының этимологиясын анықтауға, ежелгі рулық терминдерге және тұжырымдамада қолданылатын негізгі сөздерге  арналса, екінші бөлім  жыл  санауға  дейінгі 3-7 ғасырда Талас өзенінің маңында өмір сүрген үйсіндердің ескерткіштері мен жазбаларындағы мәтін құпиялары, сондай-ақ Сақ жазуы құпиясы мен палеографиялық сараптаудың нәтижесі және 1974 жылы үлкен пікірталас тудыртқан Іле ескерткіш мәтінінің құпиясы ұсынылған. Кітап авторы Тайжан Досановтың айтуынша, ол ежелгі түрік генезисін зерттеуге 30 жыл еңбегін арнаған.

«Біздің ғылымда руника құпиясы туралы жазылған еңбектер аз. Бұл кітап - тұтас бір руналық  тұжырымдама. Көне жазбалар - мәдениеттің көне қабаты, мәдениетіміздің тамыры. Сондықтан, біз түпкі тамырымызды білуіміз керек. Бұл еңбекті осы саладағы іргелі еңбек деп айтуға болады. Тұтас бір  академияның  істейтін жұмысын  Тайжан Досанов жалғыз өзі істеп шыққандығының өзі  ғылыми ерлікпен пара-пар», деп атап өтті таныстырылым барысында  ҚазҰУ  ұстазы,  филология ғылымдарының кандидаты  Аманқос Мектеп-тегі.

Асия Махамбетова  Мәдениеттанушы Әсия Маханбетованың айтуынша, бұл кітап - әлемдік маңызы бар кітап. «Автор қомақты еңбегінде руна белгілерін Менделеев кестесі сияқты, бір құрылымдық  кестеге енгізе білді және оның мағынасын түсіндіріп жазды.  Бұл еңбекті тек түркітанушылар ғана емес, әлемнің ірі ғалымдары, лингвистер мен филологтар, мәдениет тарихшылары зерттейтін болады», деді мәдениеттанушы Әсия Маханбетова.

Таныстырылым барысында автор Ұлттық кітапханаға  кітабтың 10 данасын сыйға тартты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.