КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.03.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 15:40
Парламент Кеден одағы аясында үшінші елдерден тауарларды айқындау ережесі туралы келісімді бекітті
 АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Тауарлардың дамушы және бәсең дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді  ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Енді құжат Елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеден одағы аясындағы осы келісімнің мақсаты мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумағында дамушы және бәсең дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты айқындау ережесін қолдану болып табылады. Бұл ретте дамушы және бәсең дамыған елдердің тізбесі тараптар арасындағы жеке келісіммен белгіленетін болады. Сонымен бірге, құжат Қазақстан мен Кеден одағы елдері преференцияларының жалпы жүйесі шеңберінде халықаралық міндеттемелері және анықтамасы бойынша тауардың шығарылғаны туралы декларация, сертификаттарын рәсімдеу талабын орындауға құқықтық негіз болып табылады. Тауарлардың дамушы және бәсең дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі Келісімнің ажырамас бөлігі болып отыр. Бұл ереже тек қана үшінші елдерден шыққан тауарларға қатысты қолданылатын болады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.