КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.36.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 14:54
Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға сапарын қорытындылады
  ШЫМКЕНТ.  Наурыздың  18-і. ҚазАқпарат  /Татьяна Пылаева/ -   Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған   жұмыс сапарының  соңында  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев  сапар   қорытындысын шығарды.  Облыстық филармонияның   жаңа ғимаратының  холлында  Елбасы журналистерге  сұхбат берді.

«Өңірлерге      биылғы    бірінші сапарымды    Оңтүстік Қазақстаннан  бастап отырмын. Бір жағынан,  ел халқының  15 пайызы осы өңірде  тұрады,   екінші жағынан,    жан  басына шаққанда   бұл  аймақта  әзірге өндіріс     өте аз.     Халықтың  15 пайызы және   Қазақстан өнеркәсібінің  небәрі  2 пайызы  ғана.   Бұл  өте аз.     Тұтынылатын     бюджеттің   тек 20 пайызы ғана облыста өндіріледі, ал  80 пайызы - мемлекеттің көмегі, субвенциялар,  трансферттер»,  деп атап көрсетті Елбасы өз сөзінде.

Президент,  сондай-ақ    аймақ басшылығының алдында Шымкент  қаласы  және   бүкіл Оңтүстік Қазақстан   облысын   еліміздің өсу,  даму  нүктесіне   айналдыру міндеті тұрғанын  атап  өтті.  «Ол үшін     барлық шаралар қабылдануда.    Осы мақсатта  арнайы  экономикалық  аумақ («Оңтүстік»  АЭА)   құрылды,   онда   тоқыма  өнеркәсібі  дамытылуда.  Ағымдағы жылы    екі  фабрика іске  қосылады.   Келер жылы да    тағы  екі фабриканы  іске қосу жоспары бар.   Бұл  өңірде  Өзбекстаннан да мақта алудың    және   дайын өнім шығару  үшін  Шардараның жанында,    Жетісай  қаласында       мақта өңдейтін зауыт  тұрғызудың    перспективасы  да бар», деді Н.Назарбаев өз сөзінде.

Елбасы,  сондай-ақ  Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында да  перспективасы мол деп  санайды.   «Облыс ауыл шаруашылығы бойынша елімізде  бесінші    орынды алады  және   бүкіл Қазақстанды     көкөніс өнімдерімен  қамтамасыз  ете алады.   Өздеріңіз білесіздер,    былтыр біз  44 мың гектар  суармалы жерді айналымға қайтардық. Егер  біз  тамшылатып  суарумен,  суды үнемдеумен     осындай аумақтардың    көлемін  арттыра түссек,  бұл тиімді.  Мысалы,   томат  өндірісі  100 есеге артады екен»,  деп тоқталды Н.Назарбаев.

Іске қосылған  Көксарай су тоспасы да суармалы     аудандарды   кеңейтуге мүмкіндік    береді,  дейді Президент.   «Көксарай  су тоспасы -    біз салып жатқан    өте маңызды нысан -  ол  Қызылорда     облысының  тұрғындарын   су тасқынынан   құтқаруы тиіс.  Ал көктем-жаз мезгілінде,    суармалы маусым басталған  кезде,  ондағы суды     шаруаларға  бере аламыз.  Мал  үшін жүгері өсіруге  қосымша  100 мың гектар  суармалы  жерді іске қосуды ойластыру  керек,   бұл қазір  өте маңызды  мәселе»,  дейді   Елбасы. 

«Үдемелі индустриялық-инновациялық    бағдарламаның міндеті   табысты   шешіледі деп ойлаймын.   Әкімдіктер   жақында Астанада өткен кеңесте айтылған мәселелермен  айналысулары керек. Жалпы     Қазақстан  бойынша ағымдағы жылы 144  жаңа  нысан  іске қосылатын  болады.   Оған қоса,   «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  дәлізінің      ауқымды учаскесі Оңтүстік   Қазақстан арқылы  өтеді.  Бұл өз  кезегінде   мыңдаған жергілікті  тұрғындарға  жұмыс табуға  мүмкіндік береді.  Жаңа    жұмыс орындары  құрылады,  трассаға  қызмет көрсететін  және басқа да  шағын  кәсіпорындар ашылады.  Өңірді  дамытуға  мүмкіндіктер  өте мол»,  деп  түйіндеді      оңтүстік  өңірге сапарын   Нұрсұлтан Назарбаев.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.