КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.22.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 15:34
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері Наурыз мерекесін сайыс алаңыңда қарсы алуда
АСТАНА.  Наурыздың  18-і.  ҚазАқпарат -  Наурыздың 13-і мен  20-сы аралығында  Көлік және коммуникация министрлігі құрылымдық бөлімшелердің арасында мини- футболдан «Наурыз - 2010» турнирі  өтіп  жатыр. 

Наурыз мейрамына арналған  бұл спорттық  турнирдің  қарсаңында,  наурыздың 13-14-і күндері   топаралық    ойындар өткізіліп,    4 үздік  топ анықталған  болатын. Олар - Автомобиль жолдары комитеті, Көліктік бақылау комитеті, Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті және  «Барыс»    командалары.

Наурыздың  20-сы күні  турнирдің қорытынды матчы өтеді. Жеңімпаз   команда  ауыспалы кубокпен   және 1-ші дәрежелі дипломмен, 2-ші және 3-ші орынды иеленетін командалар  тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Топтың үздік ойыншыларын  да  «Үздік қақпашы»,  «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша бағалы сыйлықтар  күтіп  тұр. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.