КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.46.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
18 Наурыз 2010, 15:14
2011 жылы енгізілетін сақтандыру сыйақысын есептеу кезіндегі қосымша коэффиценттерді қолдану тәртібі белгіленуде - Алина Алдамберген
АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бүгін   Алматыда өтіп жатқан Орталық Азиядағы сақтандыру туралы IV халықаралық конференцияда ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары заңды  жүзеге асыру аясында  жаңадан  қабылданатын заң актілерімен таныстырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сақтандыру ұйымдарының қызметін жүзеге асыруда нарықтағы қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы мен делдалдық қызметті жүзеге асырудағы сақтандыру агенті өкілдігінің талаптары белгіленуде. Көлік құралдарының иелері туралы мәліметті мәліметтер базасын қалыптастыруды ұйымдастыру ұйымына жеткізушіге ұсынылатын ақпараттары айқындалуда. Сондай-ақ сақтандыру полисін рәсімдеу мен  сақтандыру полисі бланкісін әзірлеудің талаптары мақұлданады. Сондай-ақ 2011 жылы енгізілетін сақтандыру сыйақысын есептеу кезіндегі қосымша коэффиценттерді қолдану тәртібі  белгіленеді», дейді ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Алина Алдамберген. Оның айтуынша,   «Сақтандыру төлемдерінің кепілдік беру қоры» АҚ-ның қызметін және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер   мақұлданып отыр.   Ал мүлікті бағалау қызметін жүзеге асыру бойынша лицензиясы бар бағалаушыны аккредитациядан өткізудің тәртібі бекітіліп жатыр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.