
|
18 Наурыз 2010, 14:22 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте облыстық филармонияның жаңа ғимаратын ашты ![]() ШЫМКЕНТ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанда жұмыс сапарында жүр. Мемлекет басшысы Шымкентте облыстық филармонияның жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты және оңтүстікқазақстандық әртістердің осынау атаулы оқиғаның құрметіне берген алғашқы концертін тамашалады. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония бұған дейін бірнеше жыл бойы апатты жағдайда тұрған ескі ғимаратта орналасып келді. Облыс басшылығы ескі ғимаратты сүріп тастап, оның орнына жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылдады. Құрылыс жұмыстарын «ARNA жоба» серіктестігінің жобасы бойынша «А-арнаулы құрылыс» акционерлік қоғамы орындады. Қызыл кірпіштен салынған ғимарат өнер көрсететін залдан және гастрольмен келген әртістерге арналған жатақхана корпусынан тұрады. Көрермендер залы 450 орынға есептелген. Құрылыс жұмысын облыстық бюджет қаржыландырды, жобаның сметалық құны - 900 миллион 920 мың теңгені құрады. Пiкiрлер (0)
|
|