|
18 Наурыз 2010, 13:49 Қарағанды облысында екі теміржол учаскесін су шайып кету қаупі бар ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында қызылсудың салдарынан Науалы және Көкдомбақ стансаларында екі теміржол учаскесін су шайып кету қаупі туып отыр, деп хабарлады бейсенбі күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінен. «Жамбыл темір жол бөлігіндегі Науалы стансысы ауданында фундамент тұғырларының отыруы және бағандардың майысуы салдарынан электр желілері төмен түсіп кетті. Осыған байланысты, сәрсенбі, наурыздың 17-сі күні сағат 23.34-те «Сарышаған-Науалы» аралығында теміржол қозғалысы жабылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Қызылсуды бұру жұмыстарынан кейін судың беті қайтты, бүгін таңертең сағат 9-да барлық бағыт бойынша қозғалыс қайта жанданды, деп атап көрсетеді ведомстводағылар. Көкдомбақ стансысында теміржол төсеміне жақын жерге мол қызылсудың жиналып қалуы салдарынан, наурыздың 18-іне қараған түні сағат 3.00-те бұл учаскеде де қозғалыс жабылған болатын. Оқиға орнында арнайы бригада түні бойы жұмыс істеді және таңғы сағат 6-дан бастап бұл учаскеде тек жолаушылар пойыздары үшін ғана қозғалыс ашылды. Пiкiрлер (0)
|
|