КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.13.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 13:34
Үкімет кедендік жүктердің заңсыз айналымына жол бермеу мақсатында шекараны күзетуді күшейтеді
 АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет кедендік жүктердің заңсыз айналымына жол бермеу мақсатында шекараны күзетуді күшейтеді. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында 2010 жылға арналған нақтыланған бюджетті талқылау барысында депутаттардың сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні Үкімет тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бірқатар көршілес мемлекеттер бойынша кедендік жүктердің заңсыз айналымына жол бермеу мақсатында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі нақтыланған бюджетте бұндай шараларға арнайы қаражаттар да қарастырылып отыр. Жалпы, біздің қолымызда жедел ақпараттар баршылық және тиісті жұмыс топтары кедендік жүктерді заңсыз тасымалдауды барынша төмендетуге қатысты шараларды атқаруда. Үкімет бұған қатысты тәртіпті орнықтыратын болады», деді Премьер-Министр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.