КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.28.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 13:31
Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауылдағы әйел кәсіпкерлерді несиелендіру мәселелері талқыланды

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Гендерлік аспектіні ескере отырып ауыл халқына шағын несиелендіруді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстел барысында министрліктің Ауылдық аумақтар істері жөніндегі Комитетінің төраға орынбасары Михаил Трошихин ауылда шағын несиелендіруді дамыту мәселесі бойынша баяндама жасады.

Жиында гендерлік аспектіні ескерумен шағын несиелендіру секторын әрі қарай дамытудың нақты мәселелері қарастырылып, талқыланды. Алдыңғы жылдардағы басты міндеттердің бірі - мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуімен шағын несиелендірудің тиімді жүйесін құру, халықаралық ұйымдарының қатысуымен сектордың институционалдық инфрақұрылымын нығайту, республикалық және жергілікті бюджеттерден ауыл халқын, оның ішінде әйелдерге шағын несиелендіруге қаржы бөлу, сонымен қатар шағын несиелендіру секторының заңнамалық негізін жетілдіру болды.

Қорытындылай келе, қатысушалар шағын қаржыландыру секторын мемлекеттік қолдаудың жоспарланған іс-шаралары әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуға, ауыл халқының жұмыспен қамтылуына және әл-ауқатының жоғарлауына ықпал ететініне сенім білдірді.

 Іс-шара соңында мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға ұсыныстар жолданып, тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

 Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктердің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.