КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.01.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 13:23
Қазақстан, Ресей, Беларус үкіметтерінің басшылары алдағы мамыр айында Кедендік одақ аясындағы кедендік баждар бойынша келісім жасайды
 АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан, Ресей, Беларус үкіметтерінің басшылары алдағы мамыр айында Кедендік одақ аясындағы кедендік баждар бойынша келісім жасайды. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында 2010 жылға арналған нақтыланған бюджетті талқылау барысында депутаттардың сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, сенторлар Кедендік одаққа қатысты БАҚ-тағы мәліметтерге сілтеме жасай келе, Қазақстанның бұндай ықпалдастықтан шамамен 70 млрд. теңгеге жуық кедендік түсімдерін жоғалтатындығы туралы ақпаратқа назар аудартқан болатын. Сондықтан да қарама қайшы ақпаратқа қатысты анықтама беру сұралған еді.

«Кедендік тарифтік саясаттың өзгеруіне байланысты  біз бюджеттің кіріс бөлігін арттыруды ұсынып отырмыз. Бұл Кедендік одақтағы әріптестерімізбен бірге атқаратын және алдымызға қойған макроэкономикалық көрсеткіштерге де сәйкес келеді. Сонымен қатар, Қазақстанның кедендік баждар бойынша кірістік түсімдері бүгін талқыланып отырған бюджет жобасында көрініс тапты, және осы мәселе негізге ала отырып есептелді», деді депутаттар сауалына жауап берген Кәрім Мәсімов. Сонымен бірге, Үкімет басшысы Кедендік одақ аясында Қаржы министрлері мен келіссөз басшылары арасында ортақ мәмілеге келу шарасы күрделі жүргізілгенін атап өтті. 

«Жалпы Кедендік одақ аясындағы үш мемлекет арасында кедендік баждарды ажырату мәселелері бойынша қағидатты келісімдер жасалды. Алдағы мамырдың 21-інде РФ мен Беларус үкіметінің басшыларымен кездесу жоспарланып отыр. Онда кедендік бажды бөлу мәселесі толық шешімін табады және ол Мемлекет басшыларының қарауына шығарылады деп жоспарлануда», деді Премьер-Министр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.