КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.48.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 13:20
Балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсету әрекеттері ауыр қылмыс ретінде қарастырылуы тиіс - ІІМ
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ересектер тарапынан жасөспірімдер мен балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық қатал жазалануы тиіс. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамаларды жетілдіру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында Ішкі істер вице-министрі Александр Кулинич мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінгі қоғамда ересектердің балаларға сексуалдық күш көрсету әрекеттері жоқ емес. Өкініштісі мұндай әрекеттерді әдетте жәбірленуші балалардың жақындары жасайды. Кей жағдайда тіпті сексуалдық зорлық-зомбылықты балаларға олардың ата-аналары мен олардың қамқоршылары және ұстаздары көрсетеді. «Нақты мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылы Қылмыстық кодекстің 122-ші бабы бойынша 95 қылмыс жасалып, олардың барлығында балалар зардап шеккен. Сондай-ақ ересектердің есейіп қалған балаларды адамға тән емес азғындық әрекеттерге итермелеуінің 26 фактісі орын алды. Бәлкім бұл статистика үшін соншалықты алаңдатарлық мәліметтер емес шығар. Бірақ бұл біздің қоғамымызда мүлдем көнуге болмайтын арсыз әрекеттер», деді вице-министр.

 Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қылмыстық кодекстің 122-ші және 124-ші баптары бойынша жауапқа тартылатын қылмыстар орта деңгейлі болып есептеледі. Яғни екі жақ бір-бірімен келісіп жатса, қылмыстық істі тоқтатуға болады. «Біздіңше заңдағы мұндай кем-кетіктер адамдық қасиеттен жұрдай азаматтарға жауапкершіліктен жалтарудың таптырмас жолы. Сондықтан біз осы баптар бойынша берілетін жазаны 7 жылға дейін созуды ұсынып отырмыз. Ал бұл дегеніңіз ауыр қылмыстарға берілетін жаза», деді А.Кулинич.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.