КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.54.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 12:57
«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында партия жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті
 АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен партия жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Ә.Рахымжановтың атап өтуінше, Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық  кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес елорданың 3 ауданының салық комитеттері, «Астана - Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы, қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу инспекциясы, Кедендік бақылау, Қазынашылық департаменттері, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру басқармаларының қызметтеріне тексеру жүргізілген. Сондай-ақ аталған мекемелердің жұмыс жоспарларына, регламенттеріне, іс жүргізу нұсқаулықтарына, мекеме басшылары арасындағы міндеттерді бөлісуге, бөлімдер туралы ережелерге, лауазымдардың біліктілік талаптарына сараптама жасалған.

«ҚР Қаржы министрлігінің аймақтық органдары қызметіндегі жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Назарбаев ұсынған талаптарға толық сәйкес келмейді. Жемқорлықпен күрес проблемалары бойынша өткізілетін тақырыптық сабақтар формальды түрге ие. Сондай-ақ министрлік бөлімшелерінде «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптары бұзылуда», деді ол өз сөзінде.

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының сөзіне қарағанда, негізгі проблема өтініштер мен шағымдардың дер уақытында қаралмауы болып отыр. Мәселен, Кедендік бақылау департаментінде шағымдарды қарау мерзімнің 15-18 күнге дейін кешігу фактілері анықталған.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.