|
18 Наурыз 2010, 12:54 Алматыда санитарлық тазалық және көгалдандыру айлығы басталды АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың бұйрығымен санитарлық тазалық және көгалдандыру айлығы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сәуірдің 17-сіне дейін жалғасатын айлық барысында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылып, көшелер мен аулалар, арықтар, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары тазаланады. Айлыққа 1400 техника тартылмақ. Бұнымен қатар қалада құрылысы жүргізілмей қалған жер телімдерін көгалдандыру жалғасатын болады. Маусымның 1-не дейін осындай 14 құрылыс алаңы көгалдандыралатын болады. Айлық барысында қала көшелеріне ілінген заңсыз жарнама мен саудамен күреске байланысты рейдтер жүргізілетін болады. Пiкiрлер (0)
|
|