|
18 Наурыз 2010, 12:43 «ҚазАгроИнновация» АҚ мен БҰҰ ДБ арасында инновациялық бастамалар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «ҚазАгроИнновация» АҚ мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасында өндірісте инновациялық қадамдарды енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстандағы БҰҰ ДБ тұрақты өкілінің орынбасары Стелиана Недера мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Меморандумның негізінде «Қазақстанның жайылымдарын қолдау» және «Сулы-батпақты жерлердегі биоалуандылықты сақтау» атты бірлескен екі тобының аясында ауыл шаруашылығы саласындағы біздің істелген шаралар қамтылған»,-деп атап өтті өкілдің орынбасары. Жиын барысында С. Недера «ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақстан аумағында бұдан әрі тарату мақсатында БҰҰ ДБ-ның инновациялық қадамдарына қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. «Біз меморандум аясында бұдан әрі тығыз ынтымақтастықта болуға мүдделіміз. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығын ары қарай дамыту үшін бізге жаңадан бірлескен зерттеулерді жүргізіп, оның нәтижелері бойынша ақпаратты барлық облыстарға таратуға мүмкіндік береді», - деді тұрақты өкілдің орынбасары. Пiкiрлер (0)
|
|