КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.18.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 12:34
Батысқазақстандық «нұротандықтар» Қызылағаш тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды
 ОРАЛ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алматы облысы Қызылағаш ауылы тұрғындарының басына түскен қайғы-қасіретті Жайық жұртшылығы да бөлісіп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғи апаттан зардап шеккен бауырларға барынша қолұшын беру жөнінде «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының үндеуі жарияланып, мекеме-кәсіпорындар кемі бір күндік жалақыларын қызылағаштықтарға арналған қайырымдылық қорына аудару жөнінде шешім қабылдауда. Бұл ретте облыстық филиал қызметкерлері алдымен өздері үлгі көрсетіп, қорға бір күндік еңбекақыларын ( 119 мың теңге ) аударды. Осындай ілкімділік танытқандардың қатарында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыстық ішкі саясат, жер қатынастары басқармалары бар.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Қалиолла Қарағойшиннің хабарлағанындай, облыс әкімдігі аталмыш қорға 50 млн. теңге аударды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.