|
18 Наурыз 2010, 12:09 Шымкентте «КамАЗ» көлігі газ құбырын соғып, 500 тұтынушыны «көгілдір отынсыз» қалдырды АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Шымкентте «КамАЗ» көлігі газ құбырын соғып, 500 тұтынушыны «көгілдір отынсыз» қалдырды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен. Бұл оқиға кеше, наурыздың 17-сі күні сағат 21.00 шамасында болған. «КамАЗ» көлігі диаметр 76 мм және 57 мм жоғары қысымды газ құбырын соғып кетіп, оқиға салдарынан Самал-1 ықшамауданы Наурыз көшесіндегі жекеменшік сектордың 500 абоненті «көгілдір отынсыз» қалды», деп нақтылайды ведомствосының баспасөз қызметі. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бүгін таңертең басталды. Пiкiрлер (0)
|
|