|
18 Наурыз 2010, 12:02 Қатты жел жоғары кернеулі желі бағандарын құлатып, 6 мыңдай абонентті жарықсыз қалдырды - Қарағанды облысы АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында болған қатты жел жоғары кернеулі желі бағандарын құлатып, 6 мыңдай абонентті жарықсыз қалдырды, деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан. «Наурыздың 17-сі күні түс шамасында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында екпіні 25-28 метр/секундқа жеткен қатты жел жоғары кернеулі желінің екі бағанын құлатты, деп хабарлады ведомстводан. Ұлытай, Сарлық, Қорғасын, Сарытоған, Урожайный, Алғабас, Қаракеңгір елді мекендерінің тұрғындары, барлығы 5900 тұтынушы жарықсыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бүгін, наурыздың 18-інде «Жезқазған энергия таратушы компаниясы» АҚ бастағалы отыр. Пiкiрлер (0)
|
|