КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.52.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 10:53
Ақсудағы кен қоймасында 1750 келі улы зат заңсыз сақталып келген - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Степногор қаласы аумағындағы Ақсу кентіндегі кен қоймасында 1750 келі улы заң зат заңсыз сақталып келгендігі анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Ербол Мұқановтың айтуынша, республикалық «Допинг» іс-шарасы барысында жергілікті тұрғынның үйінен жасырылған он келі азот қышқылы анықталып, тәркіленген. Күдікті оны өз қажетіне сақтап отырғандығымен ақталмақ болған. Қазір ҚР ҚК-сінің 265-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Бұған дейін Бестөбе кентіндегі кеніште «Қазақалтын» акционерлік қоғамында заңсыз жұмыс істеп келген жабдық-сараптама зертханасында 30 келі күкірт қышқылы мен 60 келі тұз қышқылы  сақталғандығы белгілі болды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.