КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.59.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 09:10
Минскіде Қазақтан Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
 АСТАНА.  Наурыздың    18-і. ҚазАқпарат  -  Минскіде   Қазақстан  Президенті Н.Назарбаевтың  «Жаңа онжылдық - жаңа  экономикалық өркендеу - Қазақстанның  жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауына арналған   халықаралық ғылыми-тәжірибелік    конференция  өтті,

деп хабарлады    дипломатиялық  ведомствоның баспасөз қызметінен. 

 Қазақстанның  Беларус  еліндегі елшілігі  ұйымдастырған  бұл шараға    ТМД елдерінің елшілері, ТМД елдерінің       Достастықтың   жарғылық  және  басқа да органдарының  жанындағы    тұрақты өкілдері,     Беларус    Парламентінің   депутаттары,   Қазақстанның   және Беларус  елінің    мемлекеттік  органдары мен   академиялық топтарының  өкілдері  қатысты. 

 Конференцияны    ашқан     Қазақстанның Беларус Республикасындағы   Елшісі Анатолий    Смирнов,    Елбасы Жолдауының  негізгі   тарауының  бірі     Қазақстанның   2020 жылға дейінгі  дамуының   стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға арналғанын  атап  көрсетті.    Елші,   осынау Стратегиялық   жоспарды    жүзеге асырудың   қорытындысы  бойынша  Қазақстанның       дамушы нарықтық экономикалық  елдердің көш басынан көріне алатынына  сенім  білдірді.

 Конференцияда сондай-ақ   Қазақстанның Көлік  және  коммуникация  вице-министрі Азат Бектұров,   «Қамқор Менеджмент»  ЖШС-нің бас директоры  Юрий  Лавриненко,    Көлік  және  коммуникация ғылыми-зерттеу институтының  президенті Мұрат Бекмағамбетовтар  сөз сөйлеп, Жолдау жүктеген  міндеттерге сай елімізде   атқарылып жатқан  істер  туралы    әңгімелеп берді.

 Конференция соңында     Жолдаудың     негізгі  тараулары,  сондай-ақ  Қазақстан  мен  Беларус елдері  ынтымақтастығының  даму  келешегі  бойынша     сындарлы пікір алмасылды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.