|
18 Наурыз 2010, 09:39 Петропавлдан Алматы облысына гуманитарлық жүк тиелген алғашқы автоколонна аттанды ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Сәрсенбі, наурыздың 17-сі күні Петропавлдан Алматы облысының Қызылағаш ауданына су тасқынынан зардап шеккендер үшін гуманитарлық жүк тиелген алғашқы автоколонна аттанды. Үш «КамАЗ» көлігінен тұратын автоколонна «Нұр Отан» облыстық филиалы кеңсесінің алдынан аттанды. Осы жерде өткен жиында сөз сөйлеген облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Серік Біләлов, «солтүстікқазақстандықтар осынау қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге көмек қолын созып отыр және бүгін алғашқы автокеруен Алматы облысына аттанбақ. Бұл автокеруенге жылы киімдер, азық-түліктер, т.б. керек-жарақтар тиеліп отыр», деп атап көрсетті. Облыс тұрғындары апат болған ауданға бұл керуенмен 25 тонна ұн, 7 тоннадан астам картоп, бірінші кезекте қажетті заттар мен киім-кешектер салынған 150 қапшық жөнелтіп отыр. Алматы облысының Ақсу ауданында автоколонна екі тәуліктен кейін келеді. Аймақ әкімі сөз сөзінде атап көрсеткендей, солтүстікқазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге әлі де көмектеседі, тек азық-түлік және басқа да қажетті заттар ғана емес, қаржылай да көмек беріледі. Алдағы бірер күнде Солтүстік Қазақстан облысының атынан 50 миллион теңге қаржы аударылады. Пiкiрлер (0)
|
|