|
18 Наурыз 2010, 09:00 Бозбалалар мен бойжеткендерді жұмыспен қамту - Павлодар облысында жастар саясатының маңызды бағыты ПАВЛОДАР. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда 6,7 мыңнан астам жас азаматтар «Жастардың еңбек биржасы» арқылы тұрақты жұмыс тапты. Бұл қоғамдық биржалар облыс орталығында, Екібастұз және Ақсу қалаларында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаумен айналысады. «Жастарды еңбекпен қамту - біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысына сүйенсек, 14 пен 29 жастың аралығындағы азаматтардың үштен бірінің басындағы өзекті проблема - жұмыс мәселесі», - деп атап көрсетті Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының бастығы Айзада Құрманова. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне арналған Үкіметтің «жастар тәжірибесі» бағдарламасы жастар үшін еңбек нарығындағы қосымша қолдау болып отыр. Өткен жылы облыстың 729 кәсіпорны мен ұйымында 2737 жас маман тәжірибеден өткен болатын. Олар 4-6 айда тәжірибе жинақтап, өздерін көрсете білді, көпшілігі тұрақты жұмысқа ие болды. Ал ауыл жастарының проблемаларын «Ауыл жастары» бағдарламасы шешуде. Осынау бағдарлама аясында 318 жас ауыл тұрғыны қоғамдық жұмысқа тартылды, 390 жас кәсіптік оқуға жолдама алды, 30-ге жуық жас әлеуметтік жұмыс орындарына тұрды. Пiкiрлер (0)
|
|