КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.04.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 08:19
Санитарлық дәрігерлердің ұйғарымдарын құлаққа ілмеудің салдары сәбилердің улануына әкеліп тіреді - Павлодар
ПАВЛОДАР.  Наурыздың  18-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кеше    Павлодар облысы әкімдігінің кеңейтілген   мәжілісінде облыстың бас санитарлық дәрігері Қанат  Сакиев   №53     балабақшадағы  балалардың  тамақтан жаппай   улану фактісі  туралы     баян етті. 

25  сәбидің ата-анасы  дәрігерлерден  көмек  сұраған,  18 бала  «орташа ауыр» жағдайда    балалар  инфекциялық  ауруханасында жатыр.

 «Осыдан бір  ай  бұрын    осы балабақшаны тексеру  кезінде  мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  қызметкерлері    асханада көптеген  келеңсіз фактілерді  анықтаған  болатын.  Шикі ет  өнімдері  сүтпен қатар тұрған,     ұн  беті ашық  ыдыста  сақталған,   ет  осатын      тақтайшалар да   дұрыс сақталмаған.    Асхананы    санитарлық  нормаларға  сәйкестендіру  туралы   ұйғарымды    балабақша  қызметкерлері  құлағына да ілмеген», деп   хабарлады бас санитарлық дәрігер.

Балабақша    каратинге  жабылды,    орын алған  оқиға  бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

 Әкімдік  мәжілісінде   барлық балабақшалар  мен  мектептердің асханаларын   тексеру  туралы тапсырма берілді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.