КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.54.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
17 Наурыз 2010, 20:06
Қазақстан ұлттық экономиканы әртараптандыруды жеделдетіп, бәсекеге қабілеттілігін арттыруда - А.Смирнов
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық экономиканы әртараптандыруды жеделдетіп, бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Бұл туралы бүгін Минскіде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуында Қазақстанның Беларустағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов айтты,

деп хабарлады БЕЛТА агенттігі.

 А.Смирновтың атап көрсетуінше, Елбасы Жолдауында Қазақстан таяу уақытта орнықты және теңдестірілген экономикалық дамуды қамтамасыз етеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан үкіметі Жеделдете индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын және елді индустрияландыру картасын жасады. Инвестициялардың жалпы көлемі 6,5 трлн. теңгені құрайтын 162 жоба жүзеге асыылмақ, бұл қазақстандық жалпы ішкі өнімнің 40 пайыздан астамын құрайды.

«Біздің халқымыздың әл-ауқатының жақсара түскеніне  Қазақстанды БҰҰ-ның 2009 жылғы баяндамасында адами әлеуеттік жоғары деңгейі елдер санатына енгізуі айқын дәлел бола алады, деп атап өтті Елші.

Оның айтуынша, енді қазақстандық қоғамның алдында: ел экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу, жеделдете индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы экономиканың орнықты дамуына қол жеткізу, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін  болашақ игілігі үшін арттыруды белсенді инвестициялау сияқты жаңа міндеттер тұр.

ТМД Атқарушы комитетінде өтіп жатқан Қазақстанның Беларустағы елшілігі, Беларус Президенті жанындағы Басқару академиясы ұйымдастырған бүгінгі шараға Достастық елдерінің елшілері, ТМД  органдарының, сондай-ақ Беларус және Қазақстан мемлекеттік органдарының шенеуніктері, Беларус парламентінің депутаттары, талдама құрылымдарының және ғылым әлемінің өкілдері қатысуда.

Шара ауқымында Беларус және Қазақстан қатынастарын дамыту перспективалары жөнінде пікір алысылады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.