
|
17 Наурыз 2010, 18:36 Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Корольдігінің СІМ жанындағы Дипломатиялық зерттеулер институтында дәріс оқыды ![]() АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Эр-Риядта Елші Қайрат Лама Шариф Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық зерттеулер институтының тыңдаушылары мен оқытушыларына араб тілінде лекция оқыды, деп хабарлады Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің баспасөз қызметі. Өз сөзінің басым бөлігін ол қазіргі уақыттағы қазақстан-сауд қарым-қатынастарына арнады. Екі ел арасындағы қатынастардың басталу кезеңінен өтіп, бүгінгі таңда дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтерілгендігін атап өтті. Қазақстан өзінің 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына және 2011 жылғы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі кезеңдерінде мұсылман әлемі мен Батыстың жақындасуына ықпал етуді ниет ететіндігін айта келе, бұл игілікті шараны Сауд Арабиясының қолдауы арқылы жүзеге асыруға болатындығына тоқталды. Осы мақсатта Президент Н.Назарбаевтың «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тағдыры мен көкжиектері» атты араб тілінде жарық көрген мақаласымен тыңдаушыларды таныстырды. Лекциядан кейін Қазақстан Елшісі жас саудтық дипломаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, 2007 жылы қол қойылған ҚР Мемлекеттік қызмет академиясының дипломатиялық институты мен Сауд Арабиясы Корольдігінің СІМ жанындағы дипломатиялық зерттеулер институты арасындағы өзара түсіністік меморандумы шеңберінде студенттермен алмасу қажеттілігіне назар аударды. Пiкiрлер (0)
|
|