КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.11.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
17 Наурыз 2010, 18:33
Елордада Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген «Махаббат тәлкегі» атты романтикалық комедия алғаш рет көрсетіледі
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат  - Ертең, наурыздың 18-і күні елордадағы «Сарыарқа» сауда орталығындағы кинотеатрда Ш.Айманов атындағы  «Қазақфильм» АҚ мен ресейлік  «Интерфест» компаниясы бірлесіп түсірген «Махаббат тәлкегі» атты  романтикалық комедия алғаш рет көрсетіледі.

Бұл ақпаратты Қазақфильмнің баспасөз қызметі таратып отыр.

«Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевтың мәлімдеуінше, «Махаббат тәлкегі»  фильмі алғаш рет ТМД елдеріне, көпшілік көрермен қауымға 600 көшірмесімен таралып отырған алғашқы отандық  киноөнім. Бұған дейін түсірілген фильмдердің таралым мөлшері 50 көшірмеден аспайтын.

Романтикалық комедияның тұсаукесер рәсімі  4 мемлекетте Қазақстан, Ресей, Беларус, Украинаның ірі кинотеатрларында өтпек. Атап айтқанда, наурыздың 22-сінде Мәскеудің «Октябрь» кинотеатрында, 23-інде

Киевтің «Гемини»  кинотеатры, 21-інде Қазан қаласындағы «Киномакс» кинотеатрында  және 20-сында  Алматыдағы «Спутник» сауда орталығындағы кинотеатрда көрсетіледі.

Түсірілімі Мәскеу және Астана қалаларында өткен фильмде Алексей Чадов, Әсел Сағатова, Ирина Розанова, Ерік Жолжақсынов, Фархат Әбдраимов, Ольга Орлова, Наталья Рудова, Марина Черняева, Гоша Куценко, Артур Смолянинов сынды танымал актерлер ойнайды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.