|
|
EUR 195.52 USD 148.72 RUB 4.92 CNY 23.60
|
|||
|
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды •Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы •Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды •Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде •Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев •Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді •25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі • «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады •Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді •«Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ •Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді •Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин •Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды •
|
|
17.03.2010 / 18:13 Сенатта «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламенттік жиынын әзірлеу және оны өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысы болды АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен үстіміздегі жылғы 14-16 мамырда Алматыда өтетін «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламенттік жиынын әзірлеу және оны өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысы болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі аясында өтетін бұл шара осы ұйымның жәрдемімен болады,деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Жиынды әзірлеу және оны өткізу жөніндегі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Ұйымдастыру комитеті жұмыс тобының жетекшісі, Сенат Аппаратының Басшысы Мұрат Нұртілеуов баяндады. Жиын бағдарламасында үш: «Өңірлік қауіпсіздік (Ауғанстан, терроризм және есірткі тасымалымен күрес, қарусыздану)», «Еуразия: жаңа нарықтар және қатерлердің арта түсуі (экономикалық даму, сауда, ресурстарды басқару, еңбек көші-қоны, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелер)» және «ЕҚЫҰ-ның адами өлшемдері (діни толеранттық, саяси даму, адамдар саудасымен күрес, гендерлік теңдік)» сессияларын өткізу қарастырылған. Трансазиялық парламенттік жиынға әлем қоғамдастығындағы елдердің ұлттық парламенттері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің 350-ге жуық делегат келетін болды. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық ету аясындағы Трансазиялық парламенттік жиынның Қазақстанда өтуінің саяси зор маңызына отырысқа қатысушылар назарын аударды. «Бұл жиын парламентаралық үнқатысу мен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, ЕҚЫҰ-ның басты міндеттерін шешуде парламентшілердің іс-қимылын белсенділендіру мен ролін арттыруға бағытталған»,-деді төраға.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||