|
17 Наурыз 2010, 17:31 Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары Алматы облысының зардап шеккен ауылдарына көмекке 10 млн. теңге жинады ШЫМКЕНТ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары Алматы облысының зардап шеккен ауылдарына көмекке 10 млн. теңге жинады, деп хабарлады аудан әкімі Мақсат Мырзабаев. «2008 жылы біздің аудан су тасқынынан мықтап зардап шекті. Біз мұның өте қиын жағдай екенін басымыздан өткіздік. Бізге сонда бүкіл ел болып көмектесті. Біздің адамдар мұны жақсы біледі, сондықтан да көршілеріміздің басына түскен қиыншылықтарға көмекке бірден үн қосты»», - деді М.Мырзабаев. Сондай-ақ ол жиналған қаржы бюджет саласы қызметкерлері мен шенеуніктердің еңбекақыларынан, кәсіпкерлер мен шаруа құрылымдарының қосқан үлестерінен құралғанын айтты. Бүгін сондай-ақ ауданнан Алматы облысына көпшілікқолды тауарлар, азық-түлік, киім-кешек тиелген КамАЗ автокөлігі аттандырылмақ. Пiкiрлер (0)
|
|