КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.38.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
17 Наурыз 2010, 17:20
Астанада жел энергетикасының мүмкіндіктері мәселесі талқыланды
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «Қазақстан - жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» БҰҰ ДБ/Жаһандық экологиялық қоры  жобасы аясында семинар өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, семинарда Данияның жел энергетикасы саласындағы жобаларын жүзеге асырып жүрген «Vestas» компаниясының өкілдері өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Онда «Vestal Central Europe» компаниясының президенті Ханс Йорн Рикс пен аталған компанияның бастығы Андреас Томас жел энергетикасы аясында Даниядағы енгізіліп жатқан жаңа технологиялар тұрғысында, сондай-ақ бұл саладағы нақты жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы баяндады.

Айта кетейік, Дания Корольдігі бүгінде жел энергетикасын пайдалануда әлемде алда тұрған мемлекеттердің бірі. Мамандардың айтуынша, бұл салада жаңа технологияларды енгізуді елеулі көлемдегі инвестициялар арқылы ғана ынталандыруға болады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.