|
17 Наурыз 2010, 17:06 Шығыс Қазақстанның жол қызметіне көмекке Шымкенттен қар тазалайтын техника аттандырылды ШЫМКЕНТ. Науррыздың 17-сі. ҚазАқпарт /Татьяна Пылаева/ - Бүгін Шымкенттен Шығыс Қазақстан облысына бес қуатты қар тазалайтын машина колоннасы жолға шықты. «Оңтүстікке көктем келді, ал Шығыс Қазақстанның жолдарын әлі қар басып жатыр. Сондықтан да біз өз әріптестерімізге көмекке техника жөнелттік», - деді ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаев. Арнайы автоплатформаларға тиелген роторлар ШҚО-ға көп дегене екі тәуліктің ішінде жетеді. «Полиция оларды алып жүреді және мүмкіндігінше тезірек жетуіне көмектеседі. Біздің техника Шығыс Қазақстанға қанша уақыт қажет болса, сонша болады», - деді Ә.Рабаев. Пiкiрлер (0)
|
|