КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.03.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
17 Наурыз 2010, 16:08
Павлодарлықтар Алматы облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді
ПАВЛОДАР.  Наурыздың  17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодар облысының әкімі  Бақытжан  Сағынтаев  аймақ халқын    Қазақстанның  оңтүстігіндегі  су тасқынынан    қираған  ауылдардың  тұрғындарына көмек көрсетуге    үндеді. 

«Алматы  облысындағы  «Қызылағаш» су  қоймасындағы  апаттың салдарынан   оның төңірегіндегі   елді мекендердің  тұрғындары зардап шекті. Тосыннан келген  апат салдарының ауырлығы соншалық,     жалпыхалықтық  көмек керек болып  отыр.   Тұрғындарды,   кәсіпкерлерді,  кәсіпорындар  мен    ұйымдарды      осынау  төтенше  оқиғаның     құрбандарына  қаржы  жинау   жөніндегі қайырымдылық  акциясына белсенді атсалысуға   шақырамын»,  деді әкім өз сөзінде.

Б.Сағынтаев,  павлодарлықтардың  бұл игі істен тыс қалмай,  қолдарынан  келгенше көмек көрсететіндеріне сенім білдірді.   Қаржы жинау  үшін  облыста есепшот ашылып  отыр. 

Әкімнің аппараты     мұқтаж жандарға   көмекке    біркүндік жалақыларын  аудару  туралы  шешім қабылдады.       Павлодар  облысы  бюджеттен   50 миллион теңге  аударады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.