КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.23.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
17 Наурыз 2010, 16:01
Теңіз кен орнында ашық аспан астында жиналған күкірт көлемі жыл сайын көбейіп барады
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Ұзаққали Елеубаев Атырау өңіріндегі Теңіз кен орынында жинақталып қалған күкірт шикізаты мәселесін көтерді.

Депутат бұл ретте жағдайды тиімді шешу үшін Экологиялық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін алға тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау өңірінің экологиясы бүгінгі күні күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Осы өңірдегі күкірттің ашық әдіспен сақталуы жергілікті тұрғындардың денсаулығына орасан зор зиян тигізіп отырғанын  медицина және экология мамандары дәлелдеп, бұқаралық ақпарат құралдарында талай мәселе көтерді. Бірақ, «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты Теңіз кен орнында ашық аспан астында жатқан күкірт азаюдың орнына жылдан-жылға көбеюде. Сол себептен, Атырау облысының мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдарының алаңдаушылық білдіріп жазған хаты орынды деп білеміз. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ҚР Экологиялық кодексіне арнайы өзгерістер енгізсе, күкірт шикізаты мәселесін заң жүзінде реттейтін ұсыныстар норма болып қамтылса игі», деді депутат.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.