|
17 Наурыз 2010, 14:42 Петропавлда күннің күрт жылыну ықтималдығына байланысты төтенше жағдай жарияланды ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда күннің күрт жылыну ықтималдығына байланысты қала әкімі Нұрлан Әшімбетов төтенше жағдай жариялады. Синоптиктердің болжамынша, наурыздың 21-інде күн күрт жылынып, соның салдарынан облыс орталығының шетіндегі бірқатар ышамаудандардағы жекеменшік үйлерді су басып қалу қаупі бар. Қазіргі кезде қалада шұғыл түрде қар жинау жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмысқа 100 шақты техника мен 200-дей жұмысшы тартылып отыр. Облыс әкімі Серік Біләлов бірнеше ықшамауданды өзі аралап шықты. Күн райының плюс 10 градусқа дейін жылыну ықтималдығына байланысты қала әкімінің төтенше жағдай жариялағанын атап көрсеткен ол, тасқын судың алдын алу үшін, алдағы үш күнде қызу жұмыс істеу керектігін, қар шығарып, кәріздік желілерді тазарту керектігін айтты. Аймақ әкімі коммуналдық қызмет басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Пiкiрлер (0)
|
|