|
17 Наурыз 2010, 13:26 Тәртіп сақшылары Қарағандыдағы сот сараптама орталығына қарасты зертхана директорының өліміне екі мәселе себеп болуы мүмкін деп отыр АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Полиция қызметкерлері Қарағандыда өлтірілген Сот сараптамасы орталығының Аймақтық ғылыми-өндірістік зертханасы директорының өлімі бойынша іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Тәртіп сақшылары аталмыш қылмыс бойынша екі түрлі себепті қарастырып отыр. Оның біріншісі, директордың кәсіби мамандығымен байланысты болса, екіншісі оның коммерциялық қызметіне қатысты. Бұл туралы бүгін журналситермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 4-і күні таңғы сағат 9-дар шамасында Қарағанды қаласында Сот сараптамасы орталығының Аймақтық ғылыми-өндірістік зертханасының жанында осы зертхана директорының мәйіті табылды. Тәртіп сақшыларының мәліметтері бойынша, директорға екі рет оқ атылған. Осы уақытта қылмыстық әрекеттің куәгерлері табылып, күдіктінің бейнесі жасалған. Сондай-ақ мерт болған азаматтың дос-жарандары мен туысқандарымен байланыстары тексерілуде. Пiкiрлер (0)
|
|