|
17 Наурыз 2010, 14:13 Атырау облысы су тасқынынан зардап шеккен қызылағаштықтарға көмек қорына 150 миллион теңге аударады АТЫРАУ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысы су тасқынынан зардап шеккен Алматы облысы Ақсу ауданының тұрғындарына көмекке 150 миллион теңгеге жуық қаржы аударады. Бүгін облыстық әкімдікте аймақта жұмыс істейтін барлық ірі шетелдік және бірлескен компаниялардың өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңеске қатысушылар біркүндік жалақыларын аударып, Ақсу ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы бірауыздан шешім қабылдады. Бұл шамамен 100 миллиондай теңге. Тағы 50 миллион теңге сома облыстық бюджеттен аударылады. Пiкiрлер (0)
|
|