|
17 Наурыз 2010, 13:48 Батыс Қазақстанда 153,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді ОРАЛ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы екі айда 153,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 2,5 пайызға артық. Өнеркәсіп өнімі көлемінің 91,8 пайызы кен өндіру саласының үлесіне тиеді. Бұл салада 140,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы екі аймен салыстырғанда, 5,7 пайызға артты. Соның ішінде табиғи газ - 8,2, газ конденсаты - 4,4, шикі мұнай өндіру 4,7 пайызға көбейді. Өңдеу өнеркәсібінде 7,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылса, электр қуаты, газ, жылу бөлу кәсіпорындарындағы өнім көлемі 4,7 млрд. теңгеге жетті. Пiкiрлер (0)
|
|