|
17 Наурыз 2010, 12:44 Балалар уланып қалған балабақшаның жұмысы тоқтатылды - Денсаулық сақтау министрлігі АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала мәліметтер бойынша, наурыздың 16-сында Павлодардағы № 53 балалар бақшасына баратын 18 баланың ауруханаға түскенін хабарлайды. Оларға алдын ала қойылған диагноз - «Тағамдық токсикологиялық инфекция». Бүгін, наурыздың 17-сі күнгі жағдай бойынша, балалардың жағдайы орташа ауыр, олардың барлығы қажетті медициналық көмектер алуда. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары індет ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуде. Балалар бақшаның қызметкерлерінен, сырқаттанған балалардан және сыртқы ортадан зертханалық зерттеулерге сынамалар алынды. Сондай-ақ балабақшаның қызметі уақытша тоқтатылды. Індет ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Пiкiрлер (0)
|
|