
|
17 Наурыз 2010, 12:19 Қазақстанда 125 мың тонна бастапқы қорытпадағы алюминий өндіріледі ![]() АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінде Қазақстанда 125 мың тонна бастапқы қорытпадағы алюминий өндіріледі. Бұл туралы бүгін Астанада «Майнекс Орталық Азия-2010» тау-кен өнеркәсібі форумында вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Форум барысында министр тау-кен өнеркәсібіндегі бірқатар нысандар іске қосылғаннан кейін Қазақстанда 250 мың тонна бастапқы қорытпадағы алюминий өндірілетінін жеткізді. Атап айтқанда алдағы бес жылда алюминий өндірісін елеулі көлемде арттыру көзделіп отыр. Ә. Исекешевтің сөзіне қарағанда, бүгінде 45 миллион тонна кен мен темір концентраттары өндіріледі. Оның ішінде 11 миллион тоннаға жуығы ішкі нарықта қайта өңделеді екен. Пiкiрлер (0)
|
|