КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.18.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
17 Наурыз 2010, 11:32
Батыс Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы кеңінен аталып өтілмек
ОРАЛ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы кеңінен аталып өтілмек.

Бұл туралы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен өткізілген Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының кезекті отырысында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста облыс басшысы  ассамблеяның 15 жыл ішінде еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығын сақтауға айрықша үлес қосқан беделді ұйым екендігін атап өтіп, өңірде атқарылып отырған оң істерге тоқталды.

Биылғы мерейтойды жоғары дәрежеде әрі кең ауқымда атап өту үшін облысты мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жұмыстануы қажет екендігіне тоқталған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев сәуір айы ұлттық-мәдени бірлестіктер айы деп жарияланатындығын жеткізді. Осыған орай ай бойы этномәдени бірлестіктер түрлі шаралар өткізетін болады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.