КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.09.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
17 Наурыз 2010, 11:23
Мұнай бағасы қайта қымбаттады
 АСТАНА.  Наурыздың  17-сі. ҚазАқпарат  -    Наурыздың 16-сындағы  сауданың  қорытындысы  бойынша    жетекші мұнай биржаларында    «қара алтынның»  бағасы      едәуір қымбаттады. 

Алдағы айда жеткізілетін  мұнай фьючерстерінің  ресми бағасы  туралы айтар болсақ,    Лондон биржасында  IPE Brent Crude  маркалы мұнайдың  бағасы 1,13 долларға қымбаттап,   79,02   доллар/баррельге жетсе; Нью-Йорк биржасында  Light, Sweet Crude Oil  маркалы мұнайдың бағасы 1,90 долларға  қымбаттап,   81,70  доллар/баррельді   құрады,   деп   хабарлайды РБК агенттігі.

Нарыққа   әсер етіп  отырған  негізгі фактор  -     бүгін,  наурыздың 17-сінде Венада  өтетін   ОПЕК   мәжілісінен көп үміттің  күтілуі.    Бүгінгі  отырыста мұнай   өндіру квотасы    бұрынғы деңгейге   қалдырылуы  мүмкін   деген болжамдар айтылуда.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.