КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.28.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
17 Наурыз 2010, 11:14
Маңғыстау облысында «Нұр Отан» активінің шұғыл кеңесі өтті
 АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат  - Наурыздың 16-сы күні  Маңғыстау  облысында   «Нұр Отан»  партиясының    аймақтық филиалы  активінің  шұғыл кеңесі    өтіп,  онда  Қызылағаш  ауылының  тұрғындарына  материалдық көмек  ұйымдастыру  мәселесі   талқыланды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен   хабарлағандай,    кеңесте    Алматы облысы Ақсу ауданының Қызылағаш  ауылында  болған  су тасқынынан    зардап шеккендерге   материалдық   қайырымдылық көмек көрсету  үшін  арнайы  шот  ашу,     Қызылағашта  10 үй салу,      зардап шеккендерге     жылы киімдер мен азық-түлік  жеткізу  туралы  шешім қабылданды.

Партия  белсенділері   сондай-ақ    біркүндік   жалақыларын      арнайы  шотқа аудару  туралы    шешім қабылдады.     Облыс әкімі аппаратының  қызметкерлері де  осындай шешім қабылдап отыр. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.