|
17 Наурыз 2010, 09:32 Павлодарлық жасотандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге киім-кешек пен азық-түлік жинауда ПАВЛОДАР. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Жас Отан» жастар қанатының павлодарлық белсенділері Алматы облысындағы су тасқынына зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауда. Жастардың қайырымдылық көмек туралы үндеуіне павлодарлық кәсіпкерлер, жұмысшылар, студенттер үн қатып отыр. Олар қабылдау қосындарына жылы көрпелер, киімдер, азық-түліктер және қап-қап ұн әкелуде. «Біз, оңтүстіктегі халыққа олардың өз қайғысымен жалғыз қалмайтындарын, солтүстік тұрғындарының қолдарынан келгенше көмек көрсететінін айтқымыз келеді. Жасотандықтар жинаған гуманитарлық көмекті Алматы облысына «Қазақстан темір жолының» қызметкерлері тегін жеткізіп беретін болады», дейді «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар филиалының атқарушы хатшысы Руслан Рахымжанов. Пiкiрлер (0)
|
|