КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.08.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
17 Наурыз 2010, 08:32
Минскіде ЕҚЫҰ-ның XVIII Экономика-экологиялық форумына екінші дайындық конференциясының жұмысы аяқталды
 АСТАНА.  Наурыздың  17-сі. ҚазАқпарат -  Сейсенбі күні Минскіде  «Шекара өткелдерінде  лайықты  басқаруды  ілгерілету, 

ЕҚЫҰ кеңістігінде жерүсті көліктерімен   тасымалдаудың  қауіпсіздігін жақсарту  және    автокөлік және  теміржол  көліктерімен  халықаралық тасымалды  жеңілдету»   тақырыбын арқау еткен ЕҚЫҰ-ның XVIII  Экономика-экологиялық  форумына  екінші  дайындық конференциясының     жұмысы  аяқталды,  деп   хабарлады Қазақстанның Беларусь Республикасындағы  Елшілігінен. 

 Қазақстан  делегациясының  жетекшісі,   көлік   вице-министрі  Азат Бектұров  конференция  жұмысын   қорытындылаған сөзінде,    талқыланып  отырған мәселелердің,    Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға  төрағалығының аясында   тасымал қауіпсіздігінің  жалпы   құрылымын  нығайту  жөніндегі  тұғырнама  ретінде    қарастырылып  отырғанын атап  көрсетті.

 «Біз теміржол көлігіне    акцент  жасай  отырып, алқалы  талқылау  өткіздік  және  кездесуімізді     теміржол  көлігіне  қолдау көрсету  және  ЕҚЫҰ кеңістігінде сенімді және қауіпсіз теміржол көлік  қатынасына  жағдай  жасауға    арнадық»,  деп  атап  көрсетті  вице-министр өз сөзінде.

 Азат Бектұров сондай-ақ   бұл конференцияның   ағымдағы жылдың  мамыр  айында  Прагада өтетін  ЕҚЫҰ-ның  XVIII  Экономикалық-экологиялық  форумында талқыланатын  өзекті  мәселелер  бойынша  пікір алмасудың  кезекті маңызды  кезеңі  болғанына сенім  білдірді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.