КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.29.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
16 Наурыз 2010, 20:16
«Химфарм» АҚ Қызылағаш ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге дәрі-дәмектер жіберді
 ШЫМКЕНТ.  Наурыздың 16-с. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін Алматы облысына Шымкенттен дәрі-дәрмек тиелген көлік аттандырылды. Бұл - «Қызылағаш» су қоймасы бұзылуынан зардап шеккен адамдарға «Химфарм» АҚ ұжымының көмегі.

«Біздің зауыт ұжымы Қызылағаш ауылындағы оқиғаны терең қайғыру сезімімен қабылдады. Елбасының, біздің зауыттың «Нұр Отан» ХДП бстауыш ұйымының, компания басшылығының бастамасымен қайырымдылық акциясын өткізіп, осы оқиғаға ұшырағандарға барлық қажетті дәрі-дәрмектерді жіберуге ұйғардық», деді «Химфарм» АҚ бас директоры Рүстем Байғарин.  

«Қайғылы оқиға болған жерге 200 мың ампула, 100 мың таблетка, 25 мың флакон әртүрлі дәрілер, 7 мың флакон жағатын май, жөнелтілді. «2008 жылы біздің облысымызда су тасқыны болғанда бүкіл ел көмектескенін жақсы білеміз. Енді біздер Қызылағаш тұрғындарына көмектесуге тиіспіз», - деді «Химфарм» АҚ еңбек ұжымы кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Пенчев.

Зауыттықтар акциясын «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан филиалының барлық қызметкерлері қолдап, зардап шеккендердің арнайы шотына бір күндік еңбекақыларын аударды.  


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.