
|
16 Наурыз 2010, 19:31 «Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан филиалы Алматы облысы тұрғындарына материалдық көмек жинауға бастамашы болды ![]() ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Серік Біләлов партия активімен шұғыл кеңес өткізді, онда Алматы облысындағы су қоймасының бөгеті бұзылуы нәтижесінде зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына материалдық көмек ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Аймақ басшысы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтен ақшалай қаражат аудару және жылы киімдер мен азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетуге жәрдемдесу жөнінде жеделхат алғанын айтты. Кеңесте Алматы облысына шұғыл түрде бір немесе екі тіркемелі «КаМАЗ-бен» жылы киімдер, екіншісімен - бүлінбейтін азық-түлік, ұн, макарон, өсімдік майы және басқа тағамдар жөнелтуге шешім қабылданды. Ұн тиелген бір машинаны Тимирязев ауданындағы «Қайнат» ЖШС директоры А.Алахияров жіберуге әзір. Бүгінгі таңда партия филиалы Қызыл Жарты Ай қоғамы облыстық бөлімшесімен бірлесіп, 5 тоннадан астам балалар мен ересектер үшін жылы киім әзірледі. Заттар мен азық-түліктерді жинау Петропалда ғана емес, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалдарында да жүргізілуде. Кеңесте атап өтілгендей, ақшалай қаражаттар аудару тез арада шешіледі, ал Петропавлдан машиналар колонналары наурыздың 17-сінде аттандырылады және Талдықорғанға екі тәулікте жетеді, оларды «Нұр Отан» ХДП өкілдері алып жүреді. Пiкiрлер (0)
|
|