КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.26.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
16 Наурыз 2010, 18:05
Ақтауда тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті
АҚТАУ. Наурыздың  16-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі жанындағы Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» өңірлік салалық бағдарламасының негізінде  Тарихи- мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнінде ғылыми-әдістемелік кеңес  құрылған болатын.

Кеңес жұмысының басым бағыты - Маңғыстаудың өзіндік бедері, айшығы бар, көне дәуірдің қайталанбас қолтаңбасындай мұраларын сақтау.

Қазір өңірдегі барлық тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, тұмшалау жұмыстары Кеңестің тікелей бақылауында.

Жиында өткен жылы өңірдегі мәдениет саласындағы маңызды істердің қорытындысы тыңдалып, «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2013 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер сараланды.

3 жылға белгіленген бағдарлама аясында  өлкедегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 137-сіне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 24 ескерткішке қорғау тақталары орнатылған. Сондай-ақ 16 тарихи-мәдени нысанға қолданбалы зерттеулер мен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген.

Маңғыстау облысы бойынша 195 ескерткіш мемлекеттік қорғауға қабылданған, оның ішінде 21-і республикалық мәртебеде. Олар археологиялық ескерткіштер, тас дәуіріндегі елді мекендердің орындары, қола және темір дәуірінің діни-қабірлеу кешендері, ортағасырлық Ұлы Жібек жолындағы қалалар, керуен-сарай сияқты ғажайып ескерткіштер.

Кеңес жұмысы барысында арнайы Алматыдан келген тарихшы, этнографтар Зейнолла Самашев, Серік Ескендірұлы, Әшірбек Мүминовтардың баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ «Маңғыстау ескерткіштері жинағы» кітабының баспаға дайындалған макеті талқыланды.

Жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ғылыми әдістемелік Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен тілектерін тыңдап, 2010 жылы облыста өткізілетін ірі қоғамдық-мәдени шаралар төңірегінде пікір алмасты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.