КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.22.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
16 Наурыз 2010, 17:43
Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізген 744 косметологиялық кабинеттің 372-сінде бұзушылықтар анықталды
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тері және шырышты қабыққа медициналық ем-домдар жасайтын косметологияларға жүргізген тексерістің нәтижесінде, санитарлық талаптарды бұзып отырған 5 нысанның ісін сотқа жіберіп, 123 адамды жұмыстан шеттетті.

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Кеңес Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

К.Оспановтың айтуынша, бүгінгі күні санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бақылауында тері және шырышты қабыққа медициналық қызметтер жасайтын барлығы 809 косметологиялық нысан бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үстіміздегі жылғы қаңтардың 15-інен бастап елдегі барлық стоматологиялық және косметологиялық ұйымдарға жүргізген тексерістің барысында аталмыш нысандардардың 744-ін жіті тексерді. Оның 372-сінде немесе 50 пайызға жуығында зарарсыздандыру талаптарының бұзылып отырғандығы анықталған.

«Тексерістердің нәтижелері бойынша 5 нысанның материалдары сотқа тапсырылды, 12 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды, 437 айыппұл салынып, 123 адам жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ 388 косметологиялық кабинетке бұзышулықтарды жою туралы ұйғарым берілді», - деді ол.

К.Оспанов атап көрсеткеніндей, алдағы уақытта анықталған бұзушылықтарды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы тексерілетін болады. «Ал бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдарды елемеген стоматологиялық және косметологиялық нысандардың жұмысын уақытша не болмаса мүлдем тоқтату туралы шешімдер сот арқылы шешіледі», - деді ол.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.