КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.32.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
16 Наурыз 2010, 16:39
Наурыздың 24-і - Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні
АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Туберкулез ауруы қазіргі заманның күрделі проблемасы болып қалуда.

Жыл сайын әлемде 9 миллионнан астам адам осы ауруға шалдығып, 1,7 миллионға жуығы  көз жұмады. Бұл жайында бүгін  «Қазақстандағы туберкулез проблемалары» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының Бас директоры Сәуле Диқанбаеваның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша дүниежүзінде жыл сайын наурыздың 24-і туберкулезбен күрес күні атап өтілуде.

«Биылғы жылы туберкулезбен күрестің дүниежүзілік күні «Туберкулезбен күресті күшейтеміз» атты ұранмен өтеді. Оның негізгі мақсаты - халық арасында, әсіресе жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдердегі аталмыш ауруды дер кезінде анықтауға тұрғындар мен медицина қызметкерлерінің назарын аудару болып табылады», дейді С.Диқанбаева.

Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының бас дәрігері Мәлік Әденовтың айтуынша, 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда ауру-сырқаушылық 16,0 пайызға, өлім 26,0 пайызға төмендеу үрдісі байқалған. «Еліміздегі осы ауруды тұрақтандырып, төмендету үшін ведомстволық деңгейде - Білім және ғылым, Әділет, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерін қамти отырып жүргізілуі тиіс», дейді М.Әденов.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.