КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.39.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
16 Наурыз 2010, 16:19
Стоматологиялық кабинеттерде «С» гепатитін жұқтыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды - Бас санитарлық дәрігер
Астана. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат/ Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас санитарлық дәрігері Кеңес Оспанов стоматологиялық  кабинеттерде  «С» гепатитін жұқтыру мүмкіндігі жоққа шығарылмайтынын мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңес Оспанов атап көрсеткеніндей, Денсаулық сақтау министрлігі үстіміздегі жылы қаңтардың 15-інен бастап, санитарлық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуына республиканың стоматологиялық және косметологиялық ұйымдарына тексеріс жүргізе бастады. Ел аумағында жұмыс істейтін 1869 (барлығы 2029) стомотологияның 677-сінде эпидемияға қарсы және зарарсыздандыру талаптарының бұзылып отырғандығы анықталды. Тексеріс барысында стоматология қызметкерлерінің 7996-сы «В» және «С» вирусты гепатитіне  тексерілгендігі мәлім болған. Зертханалық сараптама олардың 58-інде гепатиттің «В», 48-інде «С» вирусына оң нәтиже берген.  «Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 864 ұйғарым, 981 айыппұл салынды. Сондай-ақ 244 қызметкер жұмыстан шеттетіліп, 44 стоматологиялық нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды», деді К. Оспанов.    


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.